"Рөлді ұстамай-ақ айдаймын": 3 баланы қағып кеткен әйелдің оқиғаға дейінгі әрекеті белгілі болды

0
1 045

Қазір бір жарым жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда апалы-сіңлілер мен арбадағы бір жарым жасар баланы мас күйінде жүргізіп, соғып кеткен әйел туралы жаңа деректер пайда болды. Апаттан аман қалған сіңлісі оқиғадан бірнеше секунд бұрын жүргізуші қолы болмаса да машина жүргізе алатындығымен қалай мақтанғанын айтты, деп хабарлайды "Евразия бірінші" арнасы.

Оқиға 19 және 20 жастағы Алина мен Ділназдың кішкентай бауырын арбаға отырғызып, жүріп бара жатқан кезде болды. Олар сол кеште серуеннен үйіне келе жатқан.

Қазір бір жарым жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екі қыздың біреуінің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр дәрежеде деп бағалады. Ал екінші қыз ауыр жарақат алған.

"Жабық бас сүйек-ми жарақаты мен омыртқаның кеуде бөлігінің жабық сынуы анықталды. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау бөлімінде жатыр. Алдағы уақытта жедел түрде емдеу қажет болуы мүмкін", - дейді дәрігерлер.

Апат кезінде көлік астына сол үйдің тағы бір қызы түсуі мүмкін еді. Абырой болғанда, қыздардың кенжесі олардан сәл артта жүрген. Ол оқиға кезінде қорыққанынан сөйлей алмай қалған. Бірақ апатқа дейінгі санаулы секунд оның есінде қалған.

"Мақтанып отырды, оның бір терезесі ашық тұрды. Рөлді қолмен ұстамай-ақ айдай аламын деп айтты", - дейді қыз.
Ал зардап шеккен балалардың нағашы апасы Гүлжамал Мұхамеджанова әйелдің рөлге мас күйінде отырғанын түсінбей әлек.

"Қағынған әйелді де көрдік. Неге сонша ішеді? Кішкентай Самирдің екі аяғы да сынған. Көптен күткен баламыз небәрі бір жарым жаста. Қатты соққыдан баланың арбасы жақын тұрған көлік астына кіріп зақымдалған. Екі көліктің ортасында қысылып қалмағанына шүкір", - дейді Мұхамеджанова.