Роман Скляр апат салдары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

0
641

27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын.


Роман Скляр апат салдары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.

"Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр. 3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-інде жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады", - деп жазылған хабарламада.