Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

0
903


Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Скляр 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды.

Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚТЖ вице-президенті, Ұлттық экономика вице-министрі, Инвестициялар және даму вице-министрі болып қызмет еткен.