Рудныйда 23 жастағы жігіт суға батып кетті

0
666

Ер адам жабдықталмаған орында шомылу кезінде сағат 02:00 шамасында суға батып кеткен.


 Рудныйда 23 жастағы жігіт суға батып кетті

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"4 маусым күні таңғы сағат 09:26-да 23 жастағы жігіттің денесі судан шығарылды. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ол түнгі екілер шамасында суға батып кеткен", делінген хабарламада.

Құтқарушылар азаматтарды судағы мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтауға шақырады.