Рудныйда төтенше жағдай жарияланды

0
495

27 қаңтарда Рудныйда жылу магистралінің жарылуы салдарынан 24 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылусыз қалған болатын.


Рудныйда төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Рудный қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қалада төтенше жағдай режимі жарияланды, деп жазады stan.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада жағдай тұрақты.

"Жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып қалуының алдын алу мақсатында жылу беру маусымындағы желілерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою, қосымша күштер мен қаржылық қолдауды тарту арқылы жергілікті маңызы бар техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялады", – деп хабарлады әкімдік.

Еске салайық, 27 қаңтарда Рудныйда жылу магистралінің жарылуы салдарынан 24 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылусыз қалған болатын. Бір апта бұрын дәл сол желіде апат болған еді. Ол кезде бірнеше ондаған үй, сондай-ақ жүзден астам жеке үй мен ғимараттар жылусыз қалды.