Руслан Сәкеев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен бостатылды

0
377

Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.


Руслан Сәкеев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен бостатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Кеңесарыұлы Сәкеев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руслан Сәкеев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.

Еңбек жолын Қазақ гуманитарлық заң университетінде бастаған.

2003-2005 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Әр жылдары жеке меншік секторда жұмыс істеген.

2017-2019 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2019-2021 жылдары - «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2020-2021 жылдары - «BIRGEMIZ» ҚҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.