Сабақ кезінде оқушыны әжетханаға жібермей қойды: анасы қызымды қорлады деп шағымданды

0
906

Осы оқиғадан кейін отбасындағы екі бала да мектепке барудан бас тартыпты.


Сабақ кезінде оқушыны әжетханаға жібермей қойды: анасы қызымды қорлады деп шағымданды

ERNUR.KZ. Үштөбе мектебінде әжетханаға жібермей қойғанның кесірінен екінші сынып оқушысы бұтына жіберіп қойған болатын. Сол уақытта балаға көмектесудің орнына үлкендер дау туғызған еді, деп жазады Stan.kz.

Мұғалім Ольга Парышева және еден жуушы Рамиля Әскерова да өз кінәлерін мойнына алмаған. Ал мектеп директоры Арман Ізбасаров ертесінде дәлізде жиналыс өткізіп, оқушының анасын масқаралаған.

Әлеуметтік желіде бұл қызу талқыға түсіп, қызды және оның әпкесі мен ағаларын масқаралап неше түрлі пікірлер жазыла бастаған. Осыдан кейін отбасындағы екі бала да мектепке барудан бас тартыпты.

«Балаларды күштеп сабаққа жіберетін болсам, онда олар өздеріне қол салатынын айтуда. Маған балаларымның өмірі маңызды. Сол себептен ата-аналар және мұғалім көпшіліктің алдынан кешірім сұрамайынша мектепке бармаймыз», - дейді қыздың анасы.

Қаратал аудандық әкімшілігінің қызметкерлері өз желі парақшасында оқиғаға байланысты жазба қалдырды.

«27 қарашада болған оқиғаға қатысты шара қолданды. Өз қызметін дұрыс пайдаланбағаны үшін және балаға алғашқы көмек көрсетпегені үшін мұғалімге ҚР-ның Еңбек Кодексіндегі 64-баптың 1 пункті бойынша сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, еден жуушы Рамиля Әскероваға да сөгіс берілді», - деп жазылған.