Сәбиді құтқарып қалған мектеп түлегіне мемлекеттік грант пен пәтер берілді

0
646

17 жастағы жігіт сәбиді терезеден құлаудан құтқарып қалды. Оқиға 13 шілде күні кешке елордадағы "Шерқала" тұрғын үй кешенінде болған.


Сәбиді құтқарып қалған мектеп түлегіне мемлекеттік грант пен пәтер берілді

ERNUR.KZ. 17 жасар қала тұрғыны көршілес орналасқан үйдің терезесінен өтіп, баланы құтқарған, деп жазады inbusiness.kz.

Куәгерлердің айтуы бойынша, 2-3 жасар қыз бала 7-қабаттағы пәтер терезесінен құлап кете жаздады. Кішкентай қызды өлімнен арашалап қалған жігіт өрімдей жас, 17 жаста.

"Терезеден кішкентай бала құлап кете жаздады. Шамамен алғанда 2 жасар бала. Бір сағат бойы оның пәтеріне кіре алмадық. Полицияны шақырттық. Көпбалалы отбасынан шыққан жігіт қауіп-қатерге қарамастан баланы құтқаруға кетті. Өзі 17 жаста. Ол нағыз ер азамат. Осы жағдай барлығына сабақ болса екен. Ата-аналар, балаларыңызға мұқият болыңыздар. Терезеге тор орнатыңыздар", – деп жазылған әлеуметтік желідегі парақшада.