Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты (фото)

0
3 006

Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.


Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты (фото)

Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Спортшы неке қию рәсімі кезінде түсірілген суретті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын", - деп жазды спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.





Фото: zakon.kz.


Әзірге белгілісі, Сабинаның күйеуінің есімі Саят Салманұлы.


Сабина Алтынбекова Қазақстанда ғана емес, Азияда да танымал волейболшылардың бірі. Оның Instagram-аккаунтына миллионнан аса адам жазылған.

Еске салайық, қазанда Қуат "Найман" Хамитов Еуразия бірінші арнасындағы "Қызық Live" шоуына қатысып, Сабина Алтынбековаға үйленгісі келетінін айтқан болатын. Оған танымал волейболшы әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берген еді.