Сағынтаев саябақтағы субұрқақты 470 миллион теңгеге жөндемек (видео)

0
173

Алматы қаласындағы Тұңғыш Президент саябағындағы субұрқақты жөндеуге 470 млн теңге қажет.


Сағынтаев саябақтағы субұрқақты 470 миллион теңгеге жөндемек (видео)

ERNUR.KZ. Алматы қаласының жуырда тағайындалған жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданын аралау барысында Тұңғыш Президент саябағындағы субұрқақты жөндеуге тапсырма берді деп жазады Qamshy.kz.

Саябақ 2010 жылы қолданысқа берілген. Ал күрделі жөндеуден 5 жыл бұрын өткізілді. Соңғы уақыттарда субұрқақтың жұмысы нашарлап барады. Арнайы мамандардың айтуынша, субұрқақтың барлық бөлігін ауыстыру қажет.

"Бұл – қала тұрғындарының жақсы көретін, көп қыдыратын орыны. Ал субұрқақ – саябақтың көркін асыра түсетін дүние. Бұл жерде әрдайым субұрқақ атқылап, музыка ойнап тұратын. Қала тұрғындарына осындай сұлулықты қайтару үшін әкімшілік қаражат бөлді. Менің ойымша, келесі жылы субұрқақ қайтадан іске қосылады", - деді "Eco Almaty" ЖШС басшысы Жанна Асанова.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет