​Сайлау-2019: Кандидаттың қазақ тілін жетік меңгергенін анықтайтын ғалымдар белгілі болды

0
1 754

Кандидаттардың қазақ тілін анықтайтын азаматтардың барлығы да қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы ғалымдар.


​Сайлау-2019: Кандидаттың қазақ тілін жетік меңгергенін анықтайтын ғалымдар белгілі болды

ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілде еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия құрылып, оның мүшелері бекітілді, деп жазады ҚазАқпарт.

"Сайлау жарияланғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы Білім министрлігімен, жетекші оқу орындарының ректорларымен бірнеше кеңес өткізді. Осы кеңестердің қорытындысында Орталық сайлау комиссиясының жанынан құрылатын Лингвистикалық комиссияның құрамына мына азаматтарды ұсынамын: Мырзатай Жолдасбеков - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі; Әділ Ахметов - фиология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі; Ғарифолла Есім - философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Серік Қасқабасов - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; Гүлтас Құрманбай - фиология ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университеті жанындағы "Рухани жаңғыру" мәдени орталығының директоры; Ерден Қажыбек - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры. Бұл азаматтардың барлығы да қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы ғалымдар", - деді комиссия мүшелерінің тізімін жария еткен ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Оның атап өтуінше, Лингвистикалық комиссияның отырысы ашық және жариялы түрде өтетін болады.