Сайлауда үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 дерегі анықталды

0
1 118

Сайлау кезінде құқық бұзушылықтар жасаған үшін Әкімшілік кодексте 26 бап көзделген.


Сайлауда үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 дерегі анықталды

ERNUR.KZ. Кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 дерегі анықталды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты. Сайлау кезінде құқық бұзушылықтар жасаған үшін Әкімшілік кодексте 26 бап көзделген.

Мысалы ақпарат құралының сайлау науқанын объективті көрсетпей, олармен байланысты оқиғалар мен деректерді бұрмалауы, бір кандидатқа келісім бере отырып, басқа үміткерге эфир уақытын, баспа алаңын бөлуден бас тартуы сынды мәселелер құқық бұзушылыққа жатады.

Бұдан бөлек былтыр қарашада енгізілген түзетулерге сәйкес үміткердің немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне қасақана нұқсан келтіретін үгіт материалдарын жариялаған үшін БАҚ-пен бірге онлайн-платформаларды пайдаланушылар да жауапқа тартылады.