Сайлаудан соң бюллетеньдер сақтала ма, жойыла ма

0
422

Бюллетеньдердің қайда сақталатыны туралы да норма бар.


Сайлаудан соң бюллетеньдер сақтала ма, жойыла ма

ERNUR.KZ. Сайлаудан кейін бюллетеньдер сақтала ма, әлде жойыла ма? Бұл сұраққа БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз заң шығарушы орган емеспіз. Ұсыныс та енгізбейміз. Осыны анықтап алған жөн болар. Біз бекітілген заң мен ережелер аясында жұмыс істейміз. Дегенмен сайлау жүйесіне қатысты талқылауларға қатысып, пікір білдіруге қарсы емеспіз. Бюллетеньдердің қайда сақталатыны туралы да норма бар. Тонна-тонна бюллетеньдер жойылады. Ал барлық хаттамалар архивке ресми түрде тапсырылады және сонда сақталады», - деп түсіндірді Нұрлан Әбдіров.

ОСК дерегінше, заң талабына сай, сайлау бюллетеньдері 1 ай сақталады, кейін ол жойылады. Тек хаттамалар ғана сақталады.

Қоса кетсек, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында Нұрлан Әбдіров «Бәріне қарсымын» бағаны бюллетеньге неліктен енгізілгенін түсіндіріп еді.