​Сайрагүл Cауытбайға саяси баспана берілмейтін болды

0
1 741

"Бұған енді Қытай мен Қазақстан арасында шұғыл келісім ба басқа бірдеңе болғанға ұқсайды".


​Сайрагүл Cауытбайға саяси баспана берілмейтін болды

фото: matritca.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз басып өткені үшін алты ай шартты мерзімін елімізде өтеп жатқан келіншек босқын мәртебесін алуы да екі талай. Оның қорғаушысы Біріккен Ұлттар Ұйымынан Қазақстанға нота жіберуін сұрауда. Себебі, бесінші қазан күні шешілген үкімде адвокат болмаған. Бірақ, «Сайрагүлдің мемлекеттен кетуіне жол бермеймін» дейді.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Қуанышы қойнына сыймай тамыз айында ғана сот залынан бостандыққа шыққан Сайрагүл Сауытбек қазір Алматы облысында тұрып жатыр. Күйеуі кәсіппен айналысып, екі баласы мектепке де орналасқан. Бірақ, атажұрты Қазақстанның саяси баспана беруінен бас тартады деп ойламаса керек. Себебі, алты ай шартты мерзімін елімізде өтейтінін естігенде әр қазағым жалғызым деп шуласқан қандастарына алғысын бірдірген еді.

«Мен өзімнің жалғыз еместігімді әрі қарай әр қазақ менің жалғызым деп Абай атамыз айтқан. соған мен сенгем» - дейді Қытай азаматы Сайрагүл Сауытбай.

Босқын мәртебесін беру-бермеу шешімі Сайрагүлдің қорғаушысының көзінше өтуі тиіс болыпты. Алайда, комиссия мүшелері тым кеш хабарлағандықтан бара алмай қалдым, дейді адвокаты Абзал Құспан. Комиссия мүшелерінің қатарында БҰҰ-нан екіа дам, Денсаулық сақтау, білім беру саласы мен әлеуметтік қорғау өкілдері және ұлттық қауіпсіздік пен көші-қон комитетінен мамандар болған. Бәрі облыстық деңгейдегі мамандар дейді қорғаушы. Бірақ, бесінші қазан күні тым аяқасты құрылған комиссияның әрекетіне әлі де түсіне алмай отыр.

«Аяқасты өткізулеріне қарағанда, мені қатыстырмауларына қарағанда аяқасты оқыс оқиға болып қалғанға ұқсайды. Бұған енді Қытай мен Қазақстан арасында шұғыл келісім ба басқа бірдеңе болғанға ұқсайды. Сол себепті бас тартып жатыр деп өзім жорамалдаймын», - дейді Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан.

Оның үстіне, осыған дейін босқын мәртебесін алу Сирия мен Ауғанстаннан келген азаматтарға қарағанда Қытайдағы қазақтарға қиындай түсетінін де жасырмады. Оған себеп тарихта алғаш ре тсоттан босатылған Сайрагүлден соң хабарласушылар саны көп дейді. Бүгінде екі мыңға жуық адам көмек сұрапты. Бәрінің үміттері үзіліп, Сауытбайдан кейін қайта оянған қандастар дейді.

Мұның алдында Сайрагүл Сауытбайдың прокурордың Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатуды сұрағанын және оған сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз.