Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді

0
549

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді

ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының жемқорлық әрекеттері бойынша күдікке ілінгенін жеткізді, деп жазады zakon.kz.

"Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді", - деп жазады Антикор.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.