"Сәлем беру": Қазақстандықтарға қол алысудан бас тарту ұсынылды

0
1 984

Дәл қазір инфекцияның таралуына байланысты қол алысу қауіпті болуы мүмкін.


ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға қол алысудың орнына сәлем беру ұсынылды, деп жазады TengriMIX.

Осыған дейін бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің профессоры, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов "Хабар" телеарнасындағы "Ақсақалдар сенаты" бағдарламасында айтқан болатын.

Шармановтың айтуынша, дәл қазір инфекцияның таралуына байланысты қол алысу қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына сәлем берген дұрыс дейді.

"Ертеде қазақтарда сәлем беру дәстүрі болды. Қазір екінің бірі қол алысып амандасады. Бұл өте қауіпті. Меніңше, бізге қол алысудан бас тарту керек. Амандасудың ең дұрыс әрі әдемі тәсілі - кішкене ғана еңкею", - дейді академик.