Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының видеосын көріп, жылап жіберді

0
282

Бүгін судья Қуандық Бишімбаевтың телефонын ашып, бірнеше видеожазбаны көрсеткен.


Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының видеосын көріп, жылап жіберді

ERNUR.KZ. Айтбек Амангелді судьядан Бишімбаевтың телефонындағы зорлық-зомбылық көріністерін көпшілікке көрсетпеуді сұрады. Қазір видеолар тараптарға көрсетіліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Салтанат Нүкенова қаза табатын күні түсірілген видеоларды көргенде Айтбек Амангелді көз жасына ерік берді. Адвокат Жанна Оразбахова телефонды көргенде, шошып, бетін басып отырды.

Еске салсақ, бүгін елорда сотында әйелін қинап өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың телефоны тексеріліп жатыр.

Судья «Нүкенова жалаңаш, үстінде тек қара күрте бар, еденде еңбектеп, диванның қасынан бірдеңе іздеп жүр» деп сипаттады.

Айжан Құлбаева видеоның дауысын шығарды. Онда Бишімбаев Нүкенованы қатты балағаттаған. Райымбек Баталовпен қатынасын анайы түрде қайта-қайта сұраған және мойындауын талап еткен.

Бишімбаев «мұның бәрі монтаж, менің телефонымды бұзып, біреу енгізіп қойған. Бұл видео 9 қарашада түсірілуі мүмкін емес» дейді.