​Салық органының негізсіз хабарламаларының күші жойылды

0
496

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге жіберілген заңсыз хабарламалар кері қайтарылды.


​Салық органының негізсіз хабарламаларының күші жойылды

иллюстрациялық фото

Алматы ауданының прокуратурасы кәсіпкердің мемлекеттік органның іс-әрекетіне берген жолданымын қарау барысында елорданың 6 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп жазады ERNUR.KZ Астана қаласының прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Уәкілетті орган жеке кәсіпкердің табысының ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем екендігін тексермей, тиісті түрде анықтамай және заң бұзушылықтар сомасын көрсетпей, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу туралы хабарламаларды негізсіз жолдаған.
Мұндай хабарламалардың орындалмауы үшін әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ салдарынан кәсіпкерлік қызметті тоқтата тұруға әкеп соғатын банк шоттарына тыйым салу көзделген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге жіберілген заңсыз хабарламалар кері қайтарылды.