Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады

0
1 426

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.


Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады

ERNUR.KZ. Салық рақымшылығы аясында 720 мыңнан аса ел азаматы 1,2 млрд теңге өсімпұлдан босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мемлекетке 10 млрд теңгеден аса салық төлеген. Алғашында 1 жарым млн жеке тұлғаның 25 млрд теңгеге жуық берешегі болды. Оның 4 млрд-тан астамы – өсімпұл. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Салықтық рақымшылық 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Өсімпұлды есептен шығару үшін салық бойынша негізгі қарызды төлеу қажет.