Самара - Шымкент тасжолының екі учаскесі жабылды

0
780

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты.


Самара - Шымкент тасжолының екі учаскесі жабылды

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар комитеті ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының екі учаскесі жабылғанын ескертеді. Ешқандай көлік түріне жол жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

«3 қарашада кешкі 20.00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қар, көктайғақ, қатты боран) «Самара - Шымкент» республикалық маңызы бар жолының учаскесі (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі 965-1240 шақырым аралығы) жабылды», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті сонымен қатар, ауа райының бұзылуынан Самары-Шымкент республикалық маңызы бар жолының Ақтөбе облысындағы учаскесі де (Арал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырымы) жабылғанын хабарлайды.