Самарқандта Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

0
528

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Самарқандта Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.