Самат Әбіштен ешқайда шықпау туралы қолхат алынған – Бас прокуратура

0
282

Ол қазіргі уақытта бір іс бойынша тергеліп жатыр.


Самат Әбіштен ешқайда шықпау туралы қолхат алынған – Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс туралы пікір білдірді, деп жазады zattyq-ruhy.kz.

Бас прокурордың орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистердің сұрағына жауап берді. Шындалиев Назарбаевтың немере інісіне қатысты тергеудің жүріп жатқанын айтты.

«Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қазір тергеу барысында. Яғни әлі тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін Бас прокуратура іске қатысты мәлімет берген еді. Заң бойынша тергеу аяқталғанша өзге мәліметтерді жариялауға тыйым салынған», - деп жауап берді Шындалиев.

Әсет Шындалиев Самат Әбіштің қамауға алынбағанын айтты. Одан тек қана ешқайда шықпау туралы қолхат алынғанын мәлімдеді. Бас прокурордың орынбасары оның елде екенін айтты.

«Мен қылмыстық істің мән-жайын толыққанды білмеймін. Тек қана лауазымдық қызметін асыра пайдаланды деген айыппен тергеліп жатқанын айта аламын» –деді Бас прокурордың орынбасары.