"Самұрық-Қазына" қорының төрт еншілес компания басшылары қызметінен босатылды

0
747

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.


ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ сайтында жарияланды, - деп жазады Tengrinews.kz.

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды:

"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС бас директоры Аслан Сұлтановтың,

Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаевтың,

"Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры Алмас Ақыловтың,

"Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС бас директоры Серікбек Елшібековтың.

Айта кетейік, "Самұрық-Қазына" қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланған болатын. Оған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды.