"Самұрық-Қазына" шетелдік төрт өкілдігін жабады

0
1 257

21 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпкерлермен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалау қажет екенін айтқан болатын.


ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры төрт елдегі өкілдігін жабады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қордың Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиевтің айтуынша, сөз төрт қала туралы - Дубай, Лондон, Бейжің және Мәскеу.

Айта кетейік, "Самұрық-Қазына" қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланған болатын. Оған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды.

21 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпкерлермен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалау қажет екенін айтқан болатын.