"Самұрық-Қазына" табысының бір бөлігін "Қазақстан халқына" аударады

0
419

Самұрық-Қазына" қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аударатын болады.


ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры кірістің бір бөлігін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аударады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Самұрық-Қазына" қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аударатын болады. Бұл – Жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін маңызды бастама. Сондай-ақ, табысы мол кәсіпкерлер мен азаматтар қорға демеушілік көрсете береді деп сенемін", - деді Тоқаев.