Сарағаштағы 5 жастағы қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін

0
434

5 жастағы бүлдіршіннің өлі денесі ауылдасының үйінен табылған болатын.


Сарағаштағы 5 жастағы қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін

Жақында Сарыағаш ауданында болған жантүршігерлік оқиға бүкіл елді шулатты. Сотты болған адам 5 жасар қызды зорлап, кейіннен айуандықпен өлтірген. Енді осы іске қатысты Жоғарғы сот қызметтік тексеру жүргізіп, заңсыз үкім шығару фактісін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Жоғарғы сот тарапынан үстіміздегі жылдың мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды", - делінген хабарламада.

Бұл судья 5 жасар қызды өлтірген күдіктіге осыған дейін бостандықты шектеу түрінде жаза тағайындаған.

Еске салсақ, 14 шілдеде Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 5 жастағы бүлдіршіннің өлі денесі ауылдасының үйінен табылғаны хабарланды.