Саран қаласы «моноқала» мәртебесінен шықты

0
333

Соңғы жылдары өндіріс көлемі 2,5 есеге артқан.


Саран қаласы «моноқала» мәртебесінен шықты

ERNUR.KZ. Оған себеп қала қарқынды дамып жатыр. Индустриалды аймақта көптеген жаңа өңдіріс орындары бой көтерді. Зауыттар экономиканың әр секторына қажетті өнім шығарады. Соңғы жылдары өндіріс көлемі 2,5 есеге артқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Саран қаласындағы резина техникалық бұйымдар зауытты қазір автобус құрастырып жатыр. «Qaztehna» зауытына 12 млрд теңгеге жуық инвсетитция құйылған. Зауыт жылына 1200 қоғамдық көлік жасап шығарады. Жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Бұл зауыттарды салып жатқан біздің өз азаматтарымыз «Allur» деген компания дейді. Аллаға шүкір солардың бізде жанашырлықпен жұмыс орындарын ашып жатқандарына қуаныштымыз. Жұмыс орындары, зауыт ашылып жатыр, оқу орындары. Бала бақша мен мектеп орындары, көшеде жүретін қозғалыс техниканың барлығы ыңғайлы», - деді Саран қаласының тұрғыны Мұхаммедқали Салықов.

Қалаға көшіп келіп жатқандар көп. Оларға баспана қажет. Сондықтан біраздан бері қараусыз қалған РТИ ауданы қайта жаңғыртылып жатыр. Бүгінде екі көпқабатты үйге тұрғындар қоныстанды. Тағы екеуі жақында пайдалануға беріледі. 20 үй қайта салынса, оның 16-сы бизнес өкілдерінің есебінен жөнделеді.

«Мен өзім автобус зауытында жұмыс істеймін. Жаңа зауыттар келгелі көп дүние өзгерді. РТИ ауданы қалыпқа келсе, тұрғындар саны да артар еді. Себебі жұмысы да баспанасы да болады», - деді Саран қаласының тұрғыны Борис Гребенников.

Индустриалды аймақта 4 ірі жоба жүзеге асып жатыр. Инвестицияның жалпы көлемі 250 млрд теңгеге жуық. Жұмысты бастап кеткен зауыттарда 1300 адам еңбек етуде. Олардың қалада және шетелде білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар.