Саран қаласында биіктігі төрт метрлік орындық қойылды

0
845

Орындыққа декоративті күл-қоқыс жәшігінің артында орналасқан баспалдақпен ғана шығуға болады


Саран қаласында биіктігі төрт метрлік орындық қойылды

ERNUR.KZ. Саран қаласындағы жаңа саябақта биіктігі төрт метрлік орындыққа отырып, селфи жасауға болады, деп жазады sputnik.kz.


Конструкцияның биіктігі – 4 метр, ал ұзындығы 7 метр. Оны ағаш пен металдан жасаған. Орындыққа декоративті күл-қоқыс жәшігінің артында орналасқан баспалдақпен ғана шығуға болады.


В акимате надеются, что горожане будут беречь необычную скамью


Әкімдік қала тұрғындары ерекше орындықты күтіп ұстайды деп үміттенеді

"Қала жастары әкімдікке талай рет өтініш жасап, бос уақытты өткізетін және селфи жасайтын креативті орын жасап беруді сұрады. Әлеуметтік желіде өз ұсыныстарын да айтты. Содан біз жастардың тілегін орындап, саябақта ерекше орындық орнаттық", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Жаңа саябақ қаланың кіреберісінде ашылды. Ол жерде фото аймақтан бөлек, от жағатын орын да жасақталды

Мамандардың айтуынша, жаңа конструкцияға бюджеттен ақша жұмсалмаған.

Айта кетері, жақында қаланың кіреберісінде жаңа саябақ ашылды. Ол жерде фото аймақтан бөлек, от жағатын орын да жасақталды.

Саябақтың маңайында абаттандыру жұмыстары басталды. Осы уақытқа дейін 50 түп ағаш отырғызылды.