Бір бөлмелі пәтерде тұру қауіпті

0
1 846

Бір бөлмеде тұрғандардың иммунитеті әлсіз, дертке тез шалдыққыш келеді


Бір бөлмелі пәтерде тұру қауіпті

фото:tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Бір бөлмелі пәтерде тұратын адам психикалық ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл туралы салалық басылымдарда жарияланған дәрігерлердің зерттеуінен білуге болады, - деп жазады tengrinews.kz.

Ғалымдардың айтуынша, жеке кеңістігінен айырылған адам жайсыздық пен психикалық ауруға шалдығады. Өз өзіңнен алшақтай алмайтын жерде тұру, күйгелектік пен көңілсіздікке әкелуі мүмкін. Онымен қоса кішкентай кеңістікте індет тез таралады. Баланың жеке кеңістігі болмаса, ол тыныс алу органдарының ауруларына, әлсіз иммунитет пен семіздікке бейім болады. Сарапшылар жағдайға қарай үйдің шаршы метрі ұлғайса, отбасы мүшелерінің дертке шалдығуы азаятынын анықтады. Мұны үлкен кеңістіктегі ауаның алмасуымен түсіндіруге болады, - деп жазады "МедикФорум".

Ғалымдардың ойынша, адамда барлық тірі ағзалар секілді ескі қорғаныс механизмі болады, сондықтан олар бос кеңістіктің болғанын қалайды. Адамды көп уақытқа жеке кеңістігінен айырса, ыңғайсыздық, агрессия, алаңдаушылық пайда болады. Тіпті жақындары мен туыстарының жанында тар жерде жүру ұзақ уақытқа созылмайды. Себебі адам дербестік сақтауға бейім, - дейді сарапшылар.