Сарбазды құтқарып қалған Халық қаһарманы жаңа лауазымға тағайындалды

0
415

2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында жаттығуды орындау кезінде жарылған жауынгерлік гранатадан полковник сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалған болатын.


Сарбазды құтқарып қалған Халық қаһарманы жаңа лауазымға тағайындалды

Ведомство басшылығы Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы орынбасары лауазымына үміткерлерді қарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Министр және оның орынбасарлары бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас Қолбасшысының орынбасары қызметіне "Халық қаһарманы" Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарады.

“Өздеріңіз көріп отырсыздар, ол бүкіл сатыны өтті. Біздің ұландарға дұрыс тәрбиені “Халық қаһарманы” бермесе, басқа кім береді? Қайрат Жарылқасынұлы, ұландықтардың моральдық-психологиялық жағдайын шыңдап, сарбаздармен тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет. Сіздің ерлігіңіз оларға үлгі болады деп ойлаймын. Бұл тағайындаумен біз Ұлттық ұланды нығайтамыз деп үміттенемін”, – деді министр.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында жаттығуды орындау кезінде жарылған жауынгерлік гранатадан полковник сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалған болатын.