Сарыағашта ыстықтан балқыған бағдаршамға қатысты әкімдік түсініктеме берді

0
2 345

Шымкент қаласынан бағдаршам алғызып, жаңасын орнатып жатырмыз.


Сарыағашта ыстықтан балқыған бағдаршамға қатысты әкімдік түсініктеме берді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Әлеуметтік желілерде жарияланған "Сарыағашта аптап ыстықтан бағдаршамдар балқып жатыр" деген ақпараттың шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы арқылы өтетін Республикалық маңызы бар А-15 «Шымкент-Жетісай» автожолы мен Қазыбек би көшесі қиылысында орналасқан бағдаршамды 17.07.2019 жылы таңғы сағат 10:30 шамасында үлкен жүк көлігі соғып бағдаршамның бір шетін сындырған.

Оқиға орнына жол потрульдік полиция қызметкерлері келіп, тиісті хаттамасын толтырып бағдаршамды жөндеуге кететін шығын өндірілді. Бүгінгі таңда «Сарыағаш-Тазалық» МКК-ы тарапынан бағдаршамды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Айта кетейік, бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Сарыағаш қаласындағы ауа температурасы +55 градусқа дейін көтерілгені жазылды. Салдарынан қаладағы бағдаршамдар балқып кетті деген ақпарат тарады.