Сәтбаевта гастрольде жүрген алматылық цирк әртісінің денесі табылды

0
328

Полиция Мария Катцун өз-өзіне қол жұмсады деп болжам жасады.


Сәтбаевта гастрольде жүрген алматылық цирк әртісінің денесі табылды

ERNUR.KZ. Сәтбаев қаласында гастрольде жүрген «Шапито» циркінің 18 жастағы әртісінің денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Полиция Мария Катцун өз-өзіне қол жұмсады деп болжам жасады. Алайда бойжеткеннің жақындары бұл нұсқаға сенбейтіндерін айтып отыр. Бұл туралы олар желіде жарияланған.

Қыз баланың достары Мария әрқашан салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен айналысқан және әрдайым циркте өнер көрсетуді армандағанын айтады.

Мария эстрадалық цирк училищесінде оқып, жазда Алматы қаласының «Шапито» циркімен өндірістік тәжірибеден өту туралы келісімшартқа қол қойған. Қайғылы оқиға кезінде цирк Сәтбаев қаласында гастрольде болды.

«Аталмыш факт бойынша Сәтбаев полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Ұлытау ауданы ПД баспасөз қызметі.