Сәтпаевтағы зорлау оқиғасы: Күдіктінің өз-өзіне қол салғаны үшін жауапты тұлғалар жазаланды

0
1 560

ҚАЖ екі тергеу ісін жүргізді.


Сәтпаевтағы зорлау оқиғасы: Күдіктінің өз-өзіне қол салғаны үшін жауапты тұлғалар жазаланды

ERNUR.KZ. Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлау және зорлау бойынша күдікке алынған адамға дұрыс қарамағаны үшін Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы жазаланды, деп жазады zakon.kz.

7 қазанда Қарағанды қаласының уақытша ұстау изольяторында Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлады деп күдікке алынған 62 жастағы күдіктінің денесі табылғаны туралы хабарланды. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл оқиғаға қатысты екі тергеу жүргізілгенін хабарлады.

Осы факт бойынша Қарағанды қаласының ПБ сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, зорлық-зомбылық белгілерін анықтамады, күдікті В.И.Горголюк өз-өзіне қол жұмсаған деген қорытынды жасалды, - делінген ресми сауалға берілген жауапта.

Сондай-ақ, ҚАЖ күдіктіге дұрыс қарамау фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді. Бұл үшін қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде АК-159/1 мекемесінің басшылығы және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті.

23 шілдеде Сәтбаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетті. Қыз күдіктінің пәтерінен табылды. Кәмелетке толмаған адамды ұрлау және зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.