​Сауд Арабиясы Қазақстаннан қажылыққа баратындарға 3200 квота бөлді

0
1 492

Биыл ораза айы 6 мамырда басталады.


​Сауд Арабиясы Қазақстаннан қажылыққа баратындарға 3200 квота бөлді

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясы биыл Қазақстаннан қажылыққа баратындарға 3200 квота бөлген. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбай хабарлады, деп жазады azattyq.org.

Оның айтуынша, Қазақстанға бөлінген квота саны биыл да аздап ұлғайған. Мысалы, 2018 жылы үш мың, 2017 жылы 2,5 мың адамға квота бөлінген еді. Оған дейін кей жылдары Қазақстаннан қажыға бес мың адам барған.

Жыл сайын Құрбан айт мейрамы қарсаңында әлем мұсылмандарымен бірге қазақстандықтар да Меккеге қажылық парызын өтеуге барады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биылғы қажылық сапар 8-10 тамыз аралығына белгіленіп отыр.

Биыл ораза айы 6 мамырда басталады. Құрбан айт мейрамын 11 тамызда тойлай бастайды.