Сауд Арабиясы қажылыққа баруды уақытша тоқтатты

0
923

Сауд Арабиясы сонымен бірге туристік визалар беруді де уақытша тоқтатады.


Сауд Арабиясы қажылыққа баруды уақытша тоқтатты

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясының билігі коронавирусқа байланысты Меккеге қажылық жасау және Мединадағы Пайғамбар мешітіне бару үшін елге кіруді уақытша тоқтатты, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы мәлімдеме корольдіктің Сыртқы істер министрлігінің Twitter парақшасында жарияланды.

«Умра (кіші қажылық) мақсатымен елге кіру және Пайғамбар мешітіне бару уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясы сонымен бірге коронавирустың таралуы жағынан қауіпті елдерден келетіндерге туристік визалар беруді уақытша тоқтатады.

Айта кетсек, қасиетті Рамазан айы 25 сәуірде басталады, ал Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге тұс келеді.