Саудия құрамасы 23 жасқа дейінгі Азия Кубогінің жеңімпазы атанды

0
272

Ташкент төріндегі турнирдің финалында саудиялықтар алаң қожайындары Өзбекстан жастарымен кездесті.


Саудия құрамасы 23 жасқа дейінгі Азия Кубогінің жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Футболдан 23 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия Кубогінде Сауд Арабия құрамасы жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

Ташкент төріндегі турнирдің финалында саудиялықтар алаң қожайындары Өзбекстан жастарымен кездесті. Бірінші таймда гол соғылмаса, үзілістен кейін Ахмед Әл Гамди 49-минутта есеп ашты. 74-минутта Әл Аммардан пас алған Фирас Әл Бурайкан командасының екінші голын салды. Тимур Кападзе жаттықтыратын өзбек ойыншылары негізгі уақыттың соңына дейін Наваф Әл Ақиди қақпасының саңылауын таба алмады. Қорытындысы есеп 0:2. Айта кетейік, Саудия футболшылары аталмыш жарыста қақпасына бірде бір гол өткізбеді.

Осылайша Өзбекстан ойыншылары қатарынан екінші рет Азия Кубогінің финалында жеңіске жете алмады. Еске салайық, 2018-жылы Қытайдағы сары құрлық турнирінде Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі құрамасы тарихында бірінші рет топ жарған еді.