Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев қайтыс болды

0
690

Сұлтанбек Сұлтанғалиев 2021 жылы 19 желтоқсанда 45 жасында қайтыс болды.


Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық саясаттанушы, публицист Сұлтанбек Сұлтанғалиев қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан халық партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Достар, біздің досымыз, серіктесіміз, партиямыздың негізін қалаушылардың бірі Сұлтанбек Сұлтанғалиев дүниеден өтті... Ол ұзақ уақыт ауырып, алғашқы инсульттан кейін айыға алмады", - деп жазды Қоңыров.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Сұлтанбек Сұлтанғалиев 1976 жылы 16 сәуірде Орал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетін бітірген. Еңбек жолын мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Соңғы жылдары ол Rezonans.kz ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы болды.