Scat басшысы рейстің кешігуіне жолаушыларды кінәлады

0
675

30 мамырда өткен үкімет отырысында Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер ұшақ билетінің құны неге қымбат болатынын айтқан еді.


Scat басшысы рейстің кешігуіне жолаушыларды кінәлады

ERNUR.KZ. 30 мамыр күні Scat президенті Владимир Денисов Қазақстан үкіметінің отырысында жолаушылардың кешігіп келуіне байланысты рейстер жиі кешігетінін айтты, деп жазады zakon.kz.

Жалпы ол кідіріс түрлі себеппен болатынын айтты.

"Құстар соғылады. Ақаулық болады. Ауа-райы кедергі келтіреді. Ұшақтың кешігуін қылмыс деп айтуға болмайды. Дәл ұшу қауіпсіздігі үшін мәжбүрлі түрде кешігетін жағдайлар бар. Бір жолаушы келіп "Ұшпайтын болдым" десе, біз бір жарым сағат бойы оның жүгін іздеп жатамыз, жолаушыны борттан шығарамыз. Мұндай нюанстарды да ескеріңіз. Көбіне кешігіп қалатын жолаушылар бар. Барлығын толығымен өтіп, жүгін тіркеп қойған жолаушылар кейде телефонмен сөйлесіп, жүріп қалады. Ал әуежайда дауыс зорайтқыш байланыс жоқ", - деді Владимир Денисов.

Кейде әуежайлардағы проблемалар да ұшақтың кешігуіне себеп болуы мүмкін.

"Жалпы рейстің кез келген кешігуін жан-жақты қарастырған жөн. Тасымалдаушының жұмысы соншалықты нашар деп айтуға болмайды. Біздің ұшақ Алматы әуежайында 45 минутқа дейін, кейде бір сағаттан да көп жүруі мүмкін", дейді Владимир Денисов.

Бұған дейін 30 мамырда өткен үкімет отырысында Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер ұшақ билетінің құны неге қымбат болатынын айтқан еді.