"Сегіз әйел үш қызды соққыға жықты": Желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды (видео)

0
575

Зардап шеккендер 1997-2002 жылдар аралығындағы туғандар.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Видео авторы сегіз ересек әйелдің үш қызды соққыға жыққанын айтты, деп жазады stan.kz.

Видеоның астындағы сипаттамада оқиғаның 6 қыркүйекте Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде болғаны айтылған.

"Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соқты. Қазір барлық қыздар бас жарақаттарымен, сынықтарымен, денелерінде гематомалармен ауруханада жатыр", - делінген хабарламада.

Абай ауданының полиция басқармасына аталған факті бойынша орталық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бір топ адамдар жасаған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны туралы хабарлады.

"Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді полиция.

Ведомство зардап шеккендердің жасын нақтылады. Олар 1997-2002 жылдар аралығындағы туған.

Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді.