Сексолог пікірі: Пәк болып тұрмысқа шыққан қыздар өмір бойы бақытсыз әйелге айналады

0
10 496

Сексологтар өткен ғасырдағы «бір ғана серіктес» деген түсініктің дұрыс емес екенін айтады.


Сексолог пікірі:  Пәк болып тұрмысқа шыққан қыздар өмір бойы бақытсыз әйелге айналады

ERNUR.KZ. Бұл әйелдерді бақытты етпеуі мүмкін. Ер адамдар үйленгенге дейін көп нәрсені білуі керек, деп жазады exk.kz.

Сексологтардың пікірінше, бақытты неке ер мен әйел тек рухани емес, физикалық тұрғыдан үйлесім тапқанда ғана қалыптасады. Дәлірек айтқанда — екі адамның үйлесімділігі. Егер серіктестер алдын ала сәйкес келетіндігін тексеріп алмаса, кейін қиындықтар туындауы мүмкін.

"Көпшілігі бұған назар аудармайды. Бірақ мен қыздарға бірден тұрмысқа шығуға асықпаңдар деп айтамын," — дейді сексолог Анжела Абдаршитова.

Оның айтуынша, ер адаммен алдын ала жыныстық қатынас болмаса, кейін онымен төсекте сәйкес келмей қалуы мүмкін.

Сондай-ақ сексологтың айтуынша, біздің менталитетіміздің, яғни отбасы институттарының талаптары түбегейлі дұрыс емес. Сексологтардың тәжірибесі көрсеткендей, пәк болып тұрмысқа шыққан қыздар "гүлденудің" орнына, керісінше өмір бойы бақытсыз әйелге айналады.

Сексологтың алдына келетін әйелдердің көпшілігі өздерінің бақытсыз екенін, тіпті қанағаттанудың не екенін білмейтіндерін айтады екен.

"Үйленгенге дейін кем дегенде үш серіктесті сынап көру керек. Осылайша сіз өзіңізді түсініп, серіктес таңдауда қателікке жол бермейсіз", дейді сексолог.

Сондай-ақ ол ер адамдар әйелді қалай қанағаттандыруды білуі керек, яғни оны бақытты етуі үшін тәжірибесі болуы керектігін айтады.