Семей әскери госпиталінің бастығы ұсталды

0
478

Бұған дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновтың ұсталғаны хабарланған еді.


Семей әскери госпиталінің бастығы ұсталды

ERNUR.KZ. Семей әскери госпиталінің бастығы Дулат Құрметов ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 29 мамырында құқық қорғау органдары Семей қаласындағы әскери госпиталдің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметовті ұстады. Басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновтың ұсталғаны хабарланған еді.