Семей көшелерінде "ақылды орындықтар" пайда болды

0
761

Бұл орындықтан ұялы телефонды қуаттап алуға да болады.


Семей көшелерінде

ERNUR.KZ. Керемет орындықтар жыл, ай, күнді көрсетіп қана қоймай ауа-райы температурасын өлшеп, ұялы телефонды қуаттай алады, деп жазады Алтайньюс.


- Бұл орындық – қаланың көркеюіне арналған жобаның кіріспесі, яғни бастапқы нұсқасы. Оны 14 қазан күні орнаттық, - дейді қалалық тұрғын үй-шаруашылық бөлімі басшысынң орынбасары Диана Шаяхметова.

Семей ақпарат орталығының мәліметінше, бұл орындықтар "Семей жасыл Құрылыс" компаниясының демеушілік қаржысына қойылған. Әзірге ғажайып орындықтың біреуін ғана орнатқан. Алдағы уақытта тұрғындардың көңілінен шығып, сұраныс болып жатса қала көшелерінде, алаң-саябақтарда да пайда болады.

Бұл сұрақ қала әкімдігі көлемінде талқыланып шешілетін болады. Енді Семей шаһары тұрғындарының жаңа тартуды жақсы қабылдайды еп күтеміз. Алайда, бұндай "ақылды" орындықтарды бұзақылардан кім қорғайтыны белгісіз.