"Семей орманы" резерватында орманды өртеуге арналған құралдар табылған

0
384

Қорықтағы қарағайлардың астынан шоқ ағашынан жасалған өрт ошақтары мен көліктердің дөңгелектері табылғаны туралы ақпарат белгілі болды. Жергілікті тұрғындар бұл тағы бір өртке дайындық болуы мүмкін деп қорқады.


ERNUR.KZ. "Семей орманы" резерватында орманды өртеуге арналған құралдар табылды. Бұл оқиғаға қорық әкімшілігі мен бас прокуратура түсінік берді, деп жазады stan.kz.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің орман алқабын өртеуге арналған құралдардың суреттері жарияланған.

Қорықтағы қарағайлардың астынан шоқ ағашынан жасалған өрт ошақтары мен көліктердің дөңгелектері табылғаны туралы ақпарат белгілі болды. Жергілікті тұрғындар бұл тағы бір өртке дайындық болуы мүмкін деп қорқады.

“Мемлекеттік инспекторлардың патрульдік іс-шаралары барысында бұл факті анықталды. Оқиға орнына жедел топ шығып, фото-бейне жазбалар түсіріп, хаттама жасалып, осы әрекетті жасаған тұлғаларды анықтау және одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Осыған ұқсас факті Семей бөлімшесінің Краснокордон орман шаруашылығының №1 учаскесінде мемлекеттік инспекторларымен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында анықталып, қорытындысы бойынша хаттама жасалып, материалдар да процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді”, – делінген "Семей орманы" әкімшілігің түсіндемесінде.

Олар сонымен қоса мемлекеттік инспекторлар қоршаған ортаны қорғау және сақтау мақсатында, оның ішінде демалыс және мереке күндерінде күн сайын патрульдік және рейдтік іс-шаралар жүргізетінін ескертті.

“Құрметті Семей қаласының тұрғындары! Осындай фактілерді анықтасаңыз, анықтама телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: 8 775 138 8877”, – деп қосты әкімшілік қызметкерлері.

Бұл оқиғаға қатысты бас прокуратура да пікір білдірген. Нақтырақ айтқанда, 2023 жылдың 28 қазанында №172 және 175 орамдарында қарағай тұқымдас ағаштардың астына "Шатыр" салынған және ол жерден 3 көлік дөңгелегінің қабы (шинасы) табылған. 5 қараша күні тура осындай нәрселер №1 орамнан да табылған. Олар бірден жойылған.

Қазіргі таңда Семей қаласының полициясы өртеуге арналған құралдар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 8 маусымда Абай ауданында өрт басталып, оның аумағы 0,3 гектардан 60 мың гектарға жайылған болатын. "Семей орманы" РМК Новошульбі филиалының 15 қызметкері қаза тапты. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Абай облысында ел тарихындағы ең ірі өрттен кейін төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Адамдардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.