Семей полигонына кіретін жерлер ауыл шаруашылығына беріледі

0
417

Бүгінде Жер кодексіне тиісті түзетулер енгізілген.


Семей полигонына кіретін жерлер ауыл шаруашылығына беріледі

ERNUR.KZ. Сенат депутаттары "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.

Бүгінде Жер кодексіне тиісті түзетулер енгізілген. Оған сәйкес, ядролық қауіпсіздік аймағына кіретін жердің құқықтық мәртебесі бекітілген. Ол жерлерде жұмыс істеу тәртібі де айқындалды.
"Мәселен, бос жерлер ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстырылып, мемлекеттік меншікке жатқызылды. Ядролық қауіпсіздік аймағы алып жатқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды. Жер пайдаланушылардың ядролық қауіпсіздік аймағы жерінде жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауына жол берілмейді", - дейді сенатор Әли Бектаев.
Осы санаттағы жерлер жеке және заңды тұлғаларға нақты бір мақсатта ғана беріледі. Олар ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуден босатылады.
Бүгінде полигонның жалпы аумағы 1,8 миллион гектарды құрайды. Заң аясында радиоактивті жағынан ластанған және ластанбаған жерлер анықталады. Соның барлығын ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға болады. Ондай жерлер, шамамен, 1 миллион гектарға жетуі мүмкін.
Семей ядролық қауіпсіздік аймағына жауапты уәкілетті ұйымға мемлекеттік монополияға белгіленген арнаулы талаптар және арнаулы құқықтар қойылмайды. Ал Экологиялық кодекске енгізілетін түзетулерге сәйкес, уәкілетті ұйымға берілетін ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне экологиялық талаптар қолданылмайды.