Семей теміржол стансасының бастығы коронавируспен ауырмаған

0
824

Әлеуметтік желі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Семей теміржол вокзалының бастығы коронавирустық инфекция жұқтырды деп тараған ақпарат жалған.


Семей теміржол стансасының бастығы коронавируспен ауырмаған

ERNUR.KZ. Семей қаласының теміржол вокзалының бастығы коронавирус жұқтырды деген ақпарат жоққа шығарылды, деп жазады zakon.kz.

Семей медициналық университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, COVID 2019 профилактикасы жөніндегі қалалық және облыстық штабтың мүшесі Имдат Ефендиев қазіргі уақытта Семейде коронавирустық инфекциялар тіркелмегенін хабарлады.

Әлеуметтік желі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Семей теміржол вокзалының бастығы коронавирустық инфекция жұқтырды деп тараған ақпарат жалған. Вокзал бастығы А.Б. Мамбетов сап-сау, қазір ол жұмыс орнында, - деді Ефендиев.