Семейде 23 жыл бұрын жоғалып кеткен баланың ісінде күтпеген өзгеріс орын алды

0
894

Баланың ағасы Даниал Сүйінжанов әлі күнге дейін оны табатынынан үмітті.


Семейде 23 жыл бұрын жоғалып кеткен баланың ісінде күтпеген өзгеріс орын алды

ERNUR.KZ. 1996 жылы Семей қаласына жақын жерде орналасқан «Сосна» балалар шипажайынан 5 жасар Ержан Сүйінжанов жоғалып кеткен. Жүргізілген іздестіру шаралары еш нәтиже бермепті. Ендігі арада 23 жыл өткеннен кейін Ресейге жоғалған бала туралы сауал жіберілді. Оған көріпкелдің болжамы себеп болған, деп жазады Stan.kz.

Бала аяқ астынан жоғалып кеткеннен кейін, шипажай аумағы түгелдей тексерілген. Тіпті, тікұшақпен іздестіргенімен, Ержанды сол күйі таба алмапты. Баланың ағасы Даниал Сүйінжанов әлі күнге дейін оны табатынынан үмітті. Ол інісін ұрлап әкетті деп топшылайды.

Ер адам жүгінген көріпкелдердің барлығы Ержанның тірі екенін айтуда. Таяуда қазақстандық азамат мәскеулік көріпкелге жүгініпті. Өз кезегінде ол да жоғалған туысының тірі екенін айтып, жаңа есімін атапты.

«Оның есімі Дамир Әлиев. Новосібірде тұрып жатыр. Ол Алтай өңірінде жоғары оқу орнынын тәмамдаған. Екі тілді меңгерген. Қазақстанға бірнеше рет келіп-кеткен», - дейді ресейлік көріпкел.

Осыдан кейін Семей полициясы көріпкелдің мәліметтерін тексеруге уәде етіп, ресейлік әріптестеріне сауал жіберетінін айтты.