Семейде 3 жасар бүлдіршін 6-қабаттан құлап мерт болды

0
528

Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған.


Семейде 3 жасар бүлдіршін 6-қабаттан құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Семей қаласында 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап көз жұмды, деп жазады ulysmedia.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 маусым күні сағат 17-00 шамасында Панфилов көшесінде болған. 6-қабатта орналасқан пәтердегі ашық терезеден 3 жасар бала құлап көз жұмды. Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған.

«Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері - терезелері ашық үйде қараусыз қалу, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, терезе жанында үстелдің, орындық пен диванның орналасуы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар өңір жұртшылығына қауіпсіздік шараларын үнемі қаперде ұстау керектігін ескертті.