Семейде балаларға арналған ерекше ойын алаңы ашылды

0
1 771

Баланың ой-өрісі мен қиялына қанат бітіретін ойындарға 3 жастан 15 жасқа дейінгілер қатыса алады.


Семейде балаларға арналған ерекше ойын алаңы ашылды

ERNUR.KZ. Бүгін Семейде балаларға арналған «Starbricks» ойын алаңы ашылады, деп жазады Алтайньюс.

Баланың ой-өрісі мен қиялына қанат бітіретін ойындарға 3 жастан 15 жасқа дейінгілер қатыса алады. «Lego» құрастырғыштары арқылы баланың интеллектуалдық қабілеті артып, саусақтардың ұсақ моторикасы дамиды.

«Lego» құрастырғыштар әлемі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің орталықта балаңызды бірнеше сағатқа қалдырып, алаңдамай жұмысыңызды тындыра берсеңіз болады. Өйткені, ойын алаңында балалармен жұмыс істейтін, арнайы қызметкерлер бар, - дейді орталық басшысы.