​Семейде болашақ дәрігерлер хакер болып шықты

0
394

Қазір университеттің ақпараттық базасын бұзды деген күдікке 7 студент ілікті.


​Семейде болашақ дәрігерлер хакер болып шықты

иллюстрациялық фото

Медицина университетінің III курс студенттері тест жауабы сақталған ақпараттық жүйені бұзып, дұрыс жауаптарды ұрлаған. Тіпті қолға түскен сұрақ-жауаптарды өзгелерге сатып пайда тауыпты, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазір университеттің ақпараттық базасын бұзды деген күдікке 7 студент ілікті. Олар оқу орнының қабырғасында жалпы медицина мамандығы бойынша білім алуда. Үшінші курс студенттері жазғы сынақтан сүрінбей өту үшін сұрақтардың жауабы сақталған ақпараттық жүйені бұзған. Дұрыс жауаптарды қолға түсіріп, жоғары бағаға тапсырған. Бәрінің бірдей бес алуы ұстаздардың күдігін тудырған.

Тексере келе құпия базаның бұзылғаны анықталды. Бүгінде күдікке ілінген студенттердің кейбіреуі кінәсін мойындады. Олармен бірге оқитын үшінші курс студенттері сынақты екінші рет тапсыруға міндеттелді. Хакерлік шабуылға ұшыраған ақпараттық жүйе қалыпына келтіріліп, полиция қазір тексеріс жүргізуде.

"Сессияның нәтижесін жойдық. Студенттер жазғы сессияны қайта тапсырады. Құжаттарды ПБ жібердік", - Семей медицина университетінің өкілі Ғалымжан Исимбеков.