Семейде кәмелетке толмаған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр

0
489

13 қарашада әйел ШҚО полиция департаменті Семей полиция басқармасына кәмелетке толмаған қыздың із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша жүгінген.


Семейде кәмелетке толмаған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Семейде кәмелет жасқа толмаған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

13 қарашада әйел ШҚО полиция департаменті Семей полиция басқармасына кәмелетке толмаған қыздың із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша жүгінген.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы "Кәмелетке толмаған адамды қасақана өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір кінәлі адам анықталып, тергеу, кәмелетке толмаған адамның денесін іздеу және дәлелдемелерді бекіту шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полициядан.

Тергеу бөлімі сот сараптамаларын тағайындады.